Өнімдер
Серпінді дамып келе жатқан, жеке қоймалары бар “Promwheels” компаниясы Қазақстанның барлық өңірлеріне жетекші әлемдік өндірушілердің өнеркәсіптік дөңгелектері мен роликтерін, конвейер роликтерін, көлік арбаларын, модульдік жүйелерді, ілгекті құлыптарды және полиуретаннан жасалған бұйымдарды жеткізудің тиімді жүйесін іске асырады.
Дөңгелектер мен роликтер

Германия, Италия, Швеция сынды еуропалық және қытайлық жетекші өндірушілердің дөңгелектері мен роликтерінің
үлгілерінің көптеген таңдауы бар.
Диаметрі: 25 мм-ден 1000 мм-ге дейін
Жүк көтергіштігі: 15 кг-нан 50 000 кг-ға дейін
Температура диапазоны: -100°C-тан +600°C-қа дейін
Тиегіштерге арналған дөңгелектер

Төмен, орташа және жоғары жүктеме кезінде, қалыпты және нашар жабынды ашық және жабық алаңдарда пайдаланылатын көтергіш-көлік жабдықтарға арналған дөңгелектер мен роликтер
КөбірекКонвейерлік роликтер

Неміс технологиясы бойынша өндірілген гравитациялық, жетексіз, жетекті және конустық роликтер.
Корпустың диаметрі: 20 мм-ден 108 мм-ге дейін
Роликтің ұзындығы: 1300 мм-ге дейін
Корпус материалдары: болат, тот баспайтын болат, ПВХ
Роликке жүктеме: 450 кг-ға дейін
Модульдік жүйелер

Кез келген қажеттілік үшін жұмыс кеңістігін құрастыруға, ұйымдастыруға, өзгертуге немесе жетілдіруге көмектесетін жылдам тұрғызылатын және оңай модификацияланатын құрылымдарды өндіруге арналған компоненттер мен модульдік жүйелерді Оңтүстік Корея мен Германиядан жеткізу: құрастыру, сақтау, тасымалдау, жұмыс орны, технологиялық тізбектер.
КөбірекКөлік арбалары

Қоймадан және тапсырысқа арбалардың кең ассортименті:
- стандартты платформалы, екі дөңгелекті, қабаттық
- интралогистикалық
- шағын сериялы арбалар
- арнайы әзірлемелер
- модульдік құрауыштардан жасалған арбалар
- электр арбалар
Жүк көтергіштігі: 200 кг-нан 900 кг-ға дейін
Доңғалақтарының диаметрі: 100 мм-ден 260 мм-ге дейін
Көбірек
Ілгекті құлыптар

Өнеркәсіптік жабдықтар мен технологиялық ыдысқа арналған өнеркәсіптік өндірістің ілгекті құлыптары, сондай-ақ
Швецияда өндірілген ілгекті құлыптар.
Материалы: суықтай соғылған немесе тот баспайтын болат
Беткі қабаты: мырышталған, электрмен жылтыратылған, көгілдір түс берумен өңделген, жабынсыз
Бекіту тесіктері: батырылған немесе ойдымдауышсыз
Ұзындығы: 15.5 мм-ден 180 мм-ге дейін
Ені: 14 мм-ден 64 мм-ге дейін
Полиуретаннан жасалған бұйымдар және дөңгелектерді қалпына келтіру

Еуропадан әкелінген жоғары сапалы химиялық құрауыштарды қолдана отырып, соңғы еуропалық жабдықта құю әдісімен
дайындалған жоғары сапалы полиуретаннан жасалған бұйымдар.
Кең қаттылық диапазонындағы (65-тен 95-ке дейін Shore A) және Ø 1 метрге дейін дөңгелектерге арналған
түрлі-түсті полиуретанды дөңгелек жабынын қалпына келтіру.
Тұтас құйылған шиналар

Тұтас құйылған шиналар тамаша тозуға төзімділікпен, ұзақ пайдалану мерзімімен, төмен жылу шығарумен және жақсы жылу берумен, сондай-ақ жоғары икемділікпен және тесілуге төзімділікпен ерекшеленеді. Компанияның ассортиментінде жүк тиегіштерге, қабаттағыштарға, көтергіш платформаларға және ричтрактарға арналған тұтас құйылған шиналардың кең таңдауы ұсынылған. Шиналарға дискілермен бірге тапсырыс беруге болады.
Көбірек