+7 (7172) 76-83-62
+7 (7172) 25-15-29
+7 (708) 425-15-29
info@promwheels.kz

Конвейерлік роликтер

Басты бет >> Конвейерлік роликтер

«Promwheels» компаниясы еуропалық сапа стандарттарына және Германиядан әкелінген қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып, неміс компанияларының технологияларына сәйкес жасалған гравитациялық, жетексіз, жетекті және конустық конвейерлік роликтерді жеткізуді жүзеге асырады.

Кәсіпорында шығарылған біздің конвейерлік роликтер еуропалық аналогтардың барлық қажетті конструктивті және техникалық талаптарына сәйкес келеді, бірақ олардан қолжетімділігі, бағасы және дайындау уақыты бойынша тиімді айырмашылыққа ие.

Гравитациялық және жетекісз роликтер

Гравитациялық роликтер жүктерді өз салмағының әсерімен тасымалдау үшін және қолмен тасымалдау учаскелері үшін пайдаланылады. Қолданудың басқа да салалары: қоймалардағы жабдықтар мен сөрелерді жинақтау, автоматтандырылмаған жүйелермен өндіріс, сұрыптау орталықтары.

Жетексіз роликтер жетекті роликтері бар жабдықта көмекші (демеуші) роликтер ретінде пайдаланылады.

Жетекті роликтер

Болаттан, тот баспайтын болаттан және пластиктен, ал жетек материалы пластиктен немесе болаттан дайындалады. Пайдаланудың негізгі салалары - өнеркәсіп салалары (фармацевтика, тау-кен өндіру, өңдеу, полиграфия, тамақ және т.б.).

Конустық роликтер

Жүктерді өткізу үшін иілісті немесе айналмалы учаскелері бар роликті конвейерлерде пайдаланылады. Өнімдер жетек элементінің болуымен/болмауымен және оның түрі бойынша ерекшеленетін бірнеше серияға біріктірілген.